Донецк Ресей құрамына кірмекші - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Путиннің жоспары ма?

Өзі-өзіне тәуелсіздік жариялаған Донецк Халық Республикасының басшысы Мәскеудегі саясаттанушылармен және журналистермен кездесу кезінде Донбасс тұрғындарының Ресейге жақындағанын құп көретінін айтты. Бұл туралы ДХР көшбасшысының сайтында хабарланған. 

Пушилиннің айтуынша, республика басшылығы Ресей кеңістігімен барынша ықпалдасу міндетін алға қояды. 

- Ең дұрысы - Федеративті округ құқығында Ресей құрамына кіру, - деді ол.

ДХР басшысы Донецктің Минск келісімдерінің барлық ережелерін, соның ішінде Украинаға шекарадағы бақылауды беру туралы пунктіні де орындайтынын растады. Алайда, Пушилиннің айтуынша, ол үшін Киев бұған дейін жасалған келісімдердің бір бөлігін орындауы тиіс. Атап айтқанда, Украин үкіметі Донбасты Конституция негізінде ерекше мәртебе беріп, бөлек аймақ ретінде құру шартын орындауы керек. 


0 Пікір Кіру