Мемлекеттің қаржысын кімдер жеп жатыр  – Мұхтар Тайжан пікір білдірді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Осы саясаттың нәтижесі де өзгермейді

Квазимемлекеттік секторға бөлініп жатқан мемлекеттік қаражатты қысқарту керек. Бұл туралы 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті талқылау барысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан айтты.

"Бүгін мен де қапа болып отырмын. Осымен бюджетті талқылауға екінші рет қатысып отырмын. Мен бір қорытындыға келдім. Бізде экономикалық саясат еш өзгерген жоқ. Демек, осы саясаттың нәтижесі де өзгермейді", - деді Тайжан парламентте өткен жиында.

Оның айтуынша, осы жолы тағы бюджеттен жүздеген миллион доллар квазимемлекеттік секторды, яғни "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялардың жарғылық капиталын толықтыруға қарастырылып отыр.

"Біз квазимемлекеттік секторды жаппай азайтуымыз керек. Квазимемлекеттік сектор дегеніміз не? Ол – ҚазАгро, Самұрық, Бәйтерек, Даму, Аграрлық кредиттік корпорация. Осы әрбір холдингтің жүздеген шағын компаниясы бар. Олардың 90 проценті – банкрот. Олар тек мемлекеттің ақшасын жеп жатыр. Басқа пайда жоқ. Ақшаны жеп жатқаны былай тұрсын, экономикада жеке сектордың дамуына жол бермей отыр", - деп атап көрсетті Тайжан.

Оның сөзіне қарағанда, экономиканы дамыту үшін алдымен квазимемлекттік сектордағы пайдасыз компаниялардан құтылу қажет. Онсыз жеке сектор, яғни шағын және орта бизнес дамымайды. Ал бизнес дамымаса, жұмыс орындары құрылмайды.

Қоғам белсендісі өткен жылғы бюджетті де еске алды. Бас кезінде бәрін талқылап, бекітіп қойған. Бірақ қыркүйек айында тағы да "Цесна банкке" көмек беру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, бюджеттің қыруар қаржысы бөлінді.

"Жекеменшік банктерге көмек беруді тоқтату қажет. Соған біздің біраз ақшамыз кетіп жатыр. Содан экономикамыз да дамымай келеді", - дейді Тайжан.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру