Күлтегінді қайтарған қайраткер 62 жаста  - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлының туған күні

1956 жылы 9 желтоқсан күні Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген, қазақтың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы 62 жасқа толды.

Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласының әкімі ретінде халықтың есінде үлкен естеліктерімен қалды. Ұлттың және тілдің нағыз жанашыры.

«Парасат» және «ҚР-ның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденінің иегері;

Ресей Федерациясының «Дружба народов» орденінің иегері;

Бірнеше кітаптың және өзге де ғылыми еңбектердің авторы;

Ел есінде қалған оқиға...

Мешіттен шығатын азанның дауысына әбден наразы болған орыс ұлтының назына, азан дауысының бес рет шақырылатынын білген Иманғали Нұрғалиұлы: «алтыншы рет шақырса, маған айтыңыз»,-деп жауап берген

Иманғали Тасмағамбетов бастаған тарихшылардың Моңғолия Республикасына жасаған экспедицияларының арқасында 2000 жылы Күлтегін тасын Қазақстанға жеткізілген еді. Осы және өзге де жұмыстары үшін Иманғали Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ның "Жібек жолы" атты медалімен марапатталған.


0 Пікір Кіру