Дональд Трамп Джон Болтонды қызметінен босатты - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Оның ұсыныстарымен мүлдем келіспеймін

АҚШ басшысы Дональд Трамп өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонды қызметінен босатты. Трамп пен Болтонның көзқарасы ортақ болмаған көрінеді.

- Кеше кешке Мен Джон Болтонға оның қызметтері Ақ үйде қажет емес деп мәлімдедім. Мен оның әкімшіліктегі ұсыныстарымен мүлдем келіспеймін, сондықтан мен Джоннан отставкаға кетуін өтіндім, — деп жазды Трамп Twitter-де.

Ол Болтонға оның жұмысы үшін алғысын білдіріп, келесі аптада Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жаңа кеңесшінің атын мәлімдейтінін атап өтті.

Бұған дейін БАҚ дереккөздерге сілтеме жасай отырып, вице-президент Майк Спенс пен Джон Болтон америкалық делегацияның «Талибан» қозғалысының көшбасшыларымен кездесуіне қарсы шыққанын жазды.

Кейінірек Трамп талибтермен келіссөздердің тоқтатылатынын мәлімдеді.

Тамыз айында Трамп АҚШ Ұлттық барлау басшысының орынбасары Сью Гордон отставкаға кететінін жариялады.


0 Пікір Кіру