Қытай "жанданып жатқаны" жайында айтты - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Ол не қылған "Ұлы жандану"

Қытайдың Ресейдегі елшісі Чжан Ханьхуэй қытай халқының "ұлы жандануға" "шапшаң түрде" бет алғаны жайлы мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

- Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитетін төраға Си Цзиньпин басқарады әрі ол бес компоненттен тұратын жоспарды берік ұстады, - деп атап өтті дипломат.

Елші атап өткендей, бұл бес компоненттің құрамына экономика, саясат, мәдениет, әлеуметтік сала және "жан-жақты төрт аспекті" стратегиясының құрылысы (орта ауқатты қоғам құру, реформаларды тереңдету, заңдар бойынша ел басқару және қатаң партияаралық басқару) кіретін көрінеді.

"Қытай арманы" туралы ұранды Си Цзиньпин 2012 жылы билікке келген кезде-ақ жариялаған болатын. Қытай Коммунистік партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде Си Цзиньпин "қытайдың арманы" ғаламшардың өзге де ұлттарымен тығыз байланысып жатқаны әрі әлемде бейбітшілік пен ынтымақ болған жағдайда ғана толық жүзеге асатындығын мәлім еткен еді. 

0 Пікір Кіру