Не өзгерді?

12 қыркүйек күні Эталон орталығында ҚР ИДМ Техникалық зерттеу және метрология комитеті басшысы Арман Шакқалиевтің басшылығымен Ғылыми-техникалық комиссияның отырыс болды,деп хабарлайды Ult.kz сайтына Bugin.kz сілтеме жасап.


Отырысқа Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК басшылығы қатысты. Отырыс кезінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" ҚР СТ 989-2014 стандартына енгізілетін №1 өзгерістерді мақұлдау туралы шешім қабылданды. 

Өзгеріс бойынша, ұлттық стандарттың бүкіл мәтінінде "Қазақстан" сөзі латын графикасымен "QAZAQSTAN" деп өзгертілді және қабылданды. 




Марғұлан