Рада президент импичменті туралы заң қабылдады - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Украиндықтардың саясаткерлері жарап тұр

Украинаның Жоғарғы Радасы Президенттің импичменті туралы заң қабылдады. Бұл туралы "112 Украина" хабарлайды.

Украина Президентін кезектен тыс қызметінен босату туралы №1012 заң жобасына 245 халық депутаты дауыс берді. Бұл үшін Украина президенті Владимир Зеленский ұсынған заң жобасы негізге алынды.

Заңға сәйкес, импичментке бастамашылық жасау үшін Жоғарғы Рада депутаттарының көпшілігімен қол қойылған жазбаша ұсыныс негіз болып табылады. Парламент Президенттің мемлекетті сатуы немесе өзге де қылмыс жасау фактісі мен мән-жайларына тергеу жүргізу үшін арнайы уақытша тергеу комиссиясын құрады. Президент өз кезегінде қорғаушылардың қызметін пайдалана алады. Импичмент бойынша тыңдаулар, егер отырыста мемлекеттік құпия айтылмаса, ашық болуы керек.

0 Пікір Кіру