Президенттің Копенгагенге сапары 600 мың долларды құрады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Президенттің іссапары

Даниялық полицияға АҚШ президентінің сапары қарсаңында шамамен 600 мың доллар бөлінген. 

Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Копенгагенге сапары кейінге шегеріліп, салдарынан Данияға 600 мың доллар көлемінде шығын келді. Яғни бұл сома америкалық президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті полицейлердің жұмысына бөлінген болатын. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.  

Дегенмен Трамп Гренландия аралы төңірегіндегі мәселеге байланысты Данияға сапар шегуден бас тартты.  Даниялық полицияға АҚШ президентінің сапары қарсаңында шамамен 600 мың доллар бөлінген. Трамп 2-3 қыркүйекте елге келетін болып белгіленген еді. 

Естеріңізге сала кетейік, 18 тамызда Дональд Трамп АҚШ-тың Гренландияны сатып алуға ниетті екенін айтты. Дания премьері Метте Фредериксон мен Гренландия өкілдері автономиялық аймақтың саудасы туралы талқылау жүргізуге қарсылық білдірді. Кейін америкалық президент Гренландияға қатысты диалогтың болмауын алға тартып, жоспарланған сапардан бас тартты. 

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру