Халық үкіметтен көмек алу үшін нені білуі керек – Қаржы министрлігі түсіндірді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстандықтар қарызы бар-жоқтығын қалай біледі?

114 мың 849 жеке тұлғаның 688 миллион теңге көлеміндегі өсімпұлы кешірілді. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"2019 жылдың 5 қыркүйегінде мәліметке сәйкес, 114 мың 849 жеке тұлғаның 688 миллион көлеміндегі өсімпұлы кешірілген. Олар 2,9 миллиард теңге болатын негізгі қарызын өтеді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитеті жалпы 1,4 миллион адамның амнистияға ілінетінін атап өтті.

"Егер олар 13,9 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қарызын өтеген жағдайда 6,3 миллиард теңге көлеміндегі өсімпұлы кешіріледі", - деп түсіндірді комитеттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өңірдегі барлық департаменті 2019 жылдың 13-14 тамызында өсімпұлдарды кешіру туралы жарлық шығарған.

Қазақстандықтар қарызы бар-жоқтығын мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.kz сайты ("Салықтық қарыздың бар-жоқтығы жөніндегі мәлімет"/"Сведения о наличии/отсутствии налоговой задолженности")  тарауынан біле алады. Ол үшін салық төлеуші ЖСН (ИИН) енгізуі керек.

0 Пікір Кіру