Қытай билігі Қазақстанның байланыс жүйесіне шабуыл жасады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстанның ақпараттық жүйесі қаншалықты қауіпсіз?

Ұйғырларды бақылау мақсатында Қытай билігі Қазақстанның байланыс жүйесіне шабуыл жасады. Мұндай жағаұстатарлық ақпаратты «Рейтер» агенттігі таратты.  

Жазуларынша, Қытай үкіметіне жұмыс істейтін хакерлер телекоммуникациялық желілерді бұзып кірген. Олар Қазақстаннан бөлек, Түркия, Үндістан, Тайланд және Малайзия операторларына қауіп төндіріпті. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл елдер Қытай билігінің қудалауынан құтылу үшін Шыңжаң мен Түркия арасындағы транзиттік бағыттар ретінде пайдаланылады.

Рейтер агенттігі шабуылдар туралы мәліметті екі барлау қызметкері мен қауіпсіздік жөніндегі екі кеңесші ұсынғанын айтты. Ресми Бейжің, өз кезегінде, кибершабуыл туралы кез келген мәлімдемелер дәлелдемелермен расталуға тиіс деп мәлімдеді. Біздің билік әзірге осыған қатысты түсініктеме берген жоқ. Осы тұста айта кетейік, бұған дейін киберқауіпсіздікпен айналысатын америкалық Volexity компаниясы Қытайдың бүкіл әлем бойынша ұйғырлардың телефондарын және электрондық пошта жазбаларын бұзу әрекеттері егжей-тегжейлі сипатталатын есепті жариялады. Жалпы, мұндай оқиғалар мамандар үшін жаңалық емес екен. Сөздерінше, мемлекет өз азаматтарын үнемі бақылауда ұстағысы келеді. Бұл пікірмен Кибершабуылдарды тергеу және сараптау орталығының директоры Арман Әбдірасылов та келіседі. 

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру