Назарбаев Путинмен Дариға Назарбаеваны президенттікке әкелу туралы сөйлескен болуы мүмкін - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Елбасы Тоқаевты қолдамайтын болып шықты

Мәскеудегі қала күніне барып, Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне ат басын тіреген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық және ресейлік БАҚ-тар таратқандай, қазақ-орыс қарым-қатынасынан бөлек, Тоқаевтың жүргізіп отырған либералдық саясаты мен Назарбаев әулетінің кейінгі билігі жайлы мәселелер талқыланған.

Мұндай ақпаратты Ресей президент әкімшілігіндегі инсайдерлік ақпараттарға сүйенген отандық Телеграм-арналардың бірі Путин мен Назарбаевтың арасында Дариға Назарбаеваның президенттік постқа әкелу туралы әңгіме болған көрінеді.

Ресейлік БАҚ-тар экс-президент Назарбаевтың Путинмен кездесуі түскі асқа жалғасқанын хабарласа, аталмыш телеграм-арна түскі аста екі басшының публикадан «бөлек» әңгімелері басталғанын баяндайды.

- Билік транзиті мен ішкі саяси мәселелер жайлы әңгімені бірінші болып Елбасының өзі бастаған. Екінші президенттің жолдауда айтқан либералды ойларына көңілі толмайтынын әрі бұл бастамалар Елбасының Қазақстанды дамытуға қойған стратегиялық мақсатына қарама-қайшы екендігін айтқан. Сондай-ақ, Путиннен президенттік билікке Дариға Назарбаеваны әкелу жайлы ойын білмек болған. Ал Тоқаевты «Казминералз» және «ERG» компанияларына қызметке жібермек, - деп жазады аталмыш арна.


Путин бұл сауалға тікелей жауап беруден қашып, Елорда мен Кремльдің арасындағы жақсы қарым-қатынасты ұстап тұра алатын келген президентпен жұмыс жасауға дайын екендігін ғана жеткізген.

Одан бөлек, Ресей басшысы соңғы уақыттары Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық одаққа күмәнмен қарап, сын айта бастағанын тілге тиек етіп, оның антиресейлік көзқарас таныта бастағанын сөз еткен. Тоқаевтың Қазақстанда АЭС салу жұмысын баяулап жібергеніне де шағым айтса керек.

- Бұған Назарбаев Тоқаевтың беделі жоқ болғандықтан, жұмыс баялап қалды деген емеурін танытқан, - деп жазады арна.

- Кремль Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның саясаты және экономикасын либералдандыруға дайын екендігін мойындап отыр, - делінген арна таратқан ақпаратта.

Айта кеткен жөн, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дариға Назарбаеваны президент ету туралы ойын бұрын да бірнеше жерден айтып қалған еді. Мәселен, 2016 жылы Санкт-Петербургте өтіп жатқан халықаралық экономикалық форумда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «елді әйел адам басқару мүмкін бе?» деген модератордың сауалына:

- Ал сіз Қазақстанды неге әйел басқара алмайды деп есептейсіз? Әбден мүмкін. Қазақстан халқының 51 пайызын әйелдер құрайды. Гендерлік саясат жақсы жүргізіліп жатыр. Парламенттегі депутаттардың 30 пайызы – әйелдер. Үкіметтің құрамында бірнеше әйел министр бар. Сондықтан ол әбден мүмкін, оның үстіне бізде бұған дайын әйелдер бар, - деп жауап берген еді экс-президент.







0 Пікір Кіру