Қытай жаппай қадағалау жүйесін Орталық Азияға әкеліп жатыр - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Қырғызстан, Тәжікстан жән Өзбекстанға жеткізіпті

Қытай Орталық Азияға азаматтардың жеке кеңістігіне кіретін, бәрін және барлығын қадағалайтын жаппай бақылау жүйесін тасымалдап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы eurasianet басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның хабарлауынша, адамдардың көбі мұндай жүйенің бар екендігін білмейді, ал үкімет олардың келісімінсіз-ақ іске қосып жіберді. 

Қырғызстанда орнатылған адамдарды танудың озық технологиясын, Қытайдың мұсылмандар тұрып жатқан Синьцзян өңірін бақылау құралдарын шығарған Пекин енді әскери құрал-жабдықтарды тасымалдайтын жүйені енгізіп жатыр. "Электроника импорты мен экспорты бойынша Қытай ұлттық корпорациясы" компаниясы Қырғызстанға өз өнімдерін тегін жеткізуде.

Бақылау жүйелерінің жұмысы үшін қажетті деректердің қайда сақталатыны белгісіз. Ал Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан үкіметі қытайдың "мұндай бақылау жүйесі Орталық Азия халқы жайлы дербес ақпараттарды жинау үшін орналастырып жатқан жоқ па?" деген сауалға жауап бермей отыр. 

Қырғызстанда орнатылған азаматтардың қозғалысын бақылау жүйесі Қытайдың әскери ведомстволарымен тығыз байланыста деген мәліметтер бар. 


0 Пікір Кіру