Қытай хакерлері Қазақстанның байланыс жүйесіне шабуыл жасады - на politic.bugin.kz
Kymbat Slyambekov - на politic.bugin.kz Kymbat Slyambekov

Қазақстан үкіметі түсініктеме бермей отыр

Қытай хакерлері Қазақстан мен Орта Азия елдерінде жүрген ұйғырларды тауып, бақылауда ұстап отыру үшін Қазақстанның байланыс жүйесіне кибершабуыл жасады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

- Қытай үкіметіне жұмыс жасайтын хакерлер Орталық және Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне саяхаттауға барған ұйғыр туристерін бақылап отыру үшін осы елдердің телекоммуникациялық желілеріне шабуыл жасаған. Хакерлердің кесірінен Түркия, Қазақстан, Үндістан, Тайланд пен Малайзия елінің байланыс операторларының жұмысында ақау пайда болды, - делінген хабарламада.

Аталмыш мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан да бар – ред.) Қытаймен арадағы байланысты дау-дамайға айналдырмас үшін Шыңжаң мен Түркия арасында туристік маршрутты транзит ретінде пайдаланады. Яғни, тікелей Шыңжаң мен Қазақстанның арасында туристік жол жоқ.

- Хакерлер кибершпионажбен айналысатын үлкен компанияның өкілдері болуы мүмкін. Өйткені олар елшілер мен шетелдік әскери қызметкерлерді бақылаумен айналысқан, - деп жазады басылым.

Қытай үкіметінің ұйғырларды бақылауға алуына ел қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін деген күдікті ойы себеп болуы мүмкін.

- Соңғы уақыттары Шыңжаңдағы ұйғырларға қарсы репрессияның күшеюіне байланысты Қытайға қарсы сыни пікір де ушыға түскен еді. Қытай үкіметі «кәсіби оқытуды» желеу етіп, Шыңжаңдағы ұлттарды жаппай ана тілі мен салт-дәстүрінен ажыратып жатыр. Оларды оқыту орталықтарында заңсыз ұстап отыр. Пекиннің хакерлік шабуылға баруы – ұлттарды жою саясатын шетелде де жүзеге асыруға ұмтылып отырғанын көрсетіп берді, - деп жазады басылым.

Бұған дейін Пекин билігі Шыңжаңнан шыққан ұйғылардың Сирия мен Иракта барып, соғысқа араласуы мүмкін екендігін айтып, сондықтан ислам экстремизмінен қорғану үшін барлық шараға баратынын айтқан еді. Алайда ұйғырларға қарсы ешқашан хакерлік шабуыл жасалмағанын, жасалғанның өзінде оған дәлел жоқ екендігін де жеткізген болатын.

- Ғаламтор шабуылның кез келген түріне қарсымыз, - деп мәлімдеген еді ҚХР СІМ.

Сондай-ақ, Reuters басылымының хабарлауынша, Үндістан, Тайланд елінің үкіметі кибершабуылға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан, ал Қазақстан, Түркия мен Малайзия үкіметі әлі жауап берген жоқ.

Google зерттеушілері де этникалық ұйғырларды анықтауға арналған арнайы «індет жұқтырушы» бағдарламалар жүктелген iPhone Apple телефондарын тапқанын хабарлап отыр.

 

               

0 Пікір Кіру