Трамп Талибан қозғалысымен жасап жатқан келіссөздерін тоқтатып тастады - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

12 адам қаза тапқан

Талибан қозғалысының автокөлікке орнатқан бомбасын жарып, 12 адамды, тағы бір америкалық сарбазды өлтіргені үшін АҚШ президенті Трамп бұл қозғалыс өкілдерімен жүргізіп жатқан келісімшартын тоқтатып тастады.

Ал шабуылдың өзі бейсенбі күні Кабулда болған.

Өткен аптада Вашингтон екі тараптан келіссөзшілер бейбіт келісім жобасы бойынша қағидатты келісімге қол жеткізгенін хабарлаған болатын.

Сенбіде Трамп Твиттер әлеуметтік желісі арқылы, сондай-ақ, жексенбіде Вашингтонға жақын жерде Кэмп-Дэвид қаласында жоспарланған Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен кездесуінің күшін жойғанын да хабарлады.

- Осындай маңызды бейбіт келіссөздер кезінде Талибан қозғалысының осындай қайғылы жағдайға жол беруі оның келісімге дайын еместігін көрсетіп берді әрі атыс-шабысты тоқтатуға да қауқарлы емес екендігін байқалып қалды, - деп жазды Трамп Твиттерде.


0 Пікір Кіру