Абаев: Қытай зауыттарына қарсылықтың артында провокация тұр - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Синофобия тудыру оңай

Елдің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 5 қыркүйекте мемлекеттік арна эфирінде Жаңаөзендегі "Қытай жобаларына қарсы" наразылық шарасы жайлы пікірін білдірді. Ол "Қытай зауыттарына қарсы наразылық шарасының артында әдейі провокация тұр" деп есептейді.

- Менің ойымша, әдейі жасалып жатқан провокацияның куәгері болып отырмыз. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде әдейі өтірік ақпарат таратып жатыр. «Қазақстанға сырттан көп миграция келіп жатыр, Қазақстанның миллиондаған гектар жері сатылыпты» деген ақпараттар тарап кетті. Бұл фейк ақпараттан біреулер пайда көріп отыр. Өкінішке орай, бұл қазақстандықтарға оңай манипулация жасап, ксенофобия, русофобия, американофобияны таратуға болатынын көрсетті, - деді ол эфирде.

Абаевтың ойынша, мұндай наразылық шаралары шетелдік инвестиция мен туристердің келуіне кері әсерін тигізеді.

Азаттық

 

0 Пікір Кіру