Айдос Сарым: Митинг, сайлау, БАҚ, депутат жайлы заңдарды өзгерту қажет - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Тоқаевқа ұсыныс

Ұлттық кеңес отырысында саясаттанушы Айдос Сарым мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа саяси реформа жөніндегі жұмыс тобының зерттеулері жайында айтып, бірнеше ұсыныс айтты. 

Яғни, саясаттанушы қоғамдық пікір мен азаматтардың көзқарасын қарастыра, зерттей келе, саяси қарама-қайшылық туғызатын 5-6 заңды өзгерту жайында ұсыныс білдірді.

- Біздің ұсыныс мынадай: саяси процестерді демократияландырып, заңнаманы либералдық жолға түсіріп, тепе-теңдікті қалыптастыру үшін саяси процеске қатысушыларға теңдей құқық берілуі тиіс. Осы нәрсені реттеп алсақ, онда елде дұрыс электрольды сайлау өткізіліп, саяси плюрализм, саяси бәсеке орнайтын болады. Яғни, біздің айтып отырғанымыз – 1995 жылы қабылданған митинг туралы, саяси партиялар туралы, БАҚ туралы және сайлау туралы заңдар, - деді Айдос Сарым отырыста.

Саясаттанушы қандай заңдарды өзгерту қажеттігін айта отырып, қай талаптар мен пунктілерді де өзгерту керектігін атап өтті.

- Сөз бостандығына рұқсат етілген митинг туралы заң керек. Яғни, наразылық білдірушілер де және оны тыңдаушы жақ та мәселені шешудің жолдарын ұсына алуы қажет. Ал саяси партиялар туралы заңға келсек, бұл заң азаматтың сайлау құқығына, саяси партияны құру мен оны тіркеуіне шектеу қоймауы керек. Шектеулерді қысқартқан жөн. Ал БАҚ туралы заңда бұқаралық ақпарат құралдарының, жалған ақпараттың нақты не екенін анықтап алған тиімді, - деп толықтырды саясаттанушы.

Одан бөлек, депутат туралы заңда парламентке оппозициялық партияның өкілдерін енгізу, депутаттардың жұмысын ашық түрде көрсетуге мән берген дұрыс.

- Ал сайлау жайлы заңда халыққа сайлау құқығын берген абзал. Әкімге дейін халық сайлау алуы тиіс. Мұның барлығын, әрине, бір күнде жүзеге асыру мүмкін емес. Алайда оны кезең-кезеңімен, біртіндеп жасауға болады, - дейді Сарым.

Zakon.kz


0 Пікір Кіру