Кетірген – билік: Ермұрат Бәпи оппозициялық партиядан кетті - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Елдегі жалғыз оппозициялық партияның шаруасы бітті

Бүгін Алматы қаласында «Ақиқат» ЖСДП партиясының 15-съезі болып, Ермұрат Бапи партиядан төрағалығынан кетіп, мүшелігінен шығарылды. Оның орнына Асхат Рақымжанов келді. Ол бұған дейін партияның Нұр-Сұлтан қалалық бөлімшесіне жетекшілік еткен екен.

«Жас Алаш» басылымының хабарлауынша, Мұрат Бәпи партиядан кетуіне билік араласқан көрінеді. Оның айтуынша, елдегі жалғыз оппозициялық партияның шаруасы бітті.

- Менің партия басшылығынан кетуім биліктің араласуымен болды. «Ақиқат» ЖСДП-ны   азаматтық қоғамға алып келе жатқам. «Оян, Қазақ» және бақылаушылармен жұмыс істелініп жатыр еді. Бақылаушылар армиясымен партияны қоспақ едім. Партияның ішкі  жұмысына билік араласты. Менің ырың-жырыңмен жүруге ар-ұятым жібермейді. Бар мақсатым осы партияны сақтау, азаматтық қоғаммен бірлесіп  протестік қозғалыс орнату еді. Парламентік сайлауға дайындық жүргізіп жаттық. Төрағалыққа таласқым келмейді. Олар білгендерін істесін. Бір нәрсеге өкінем. Елдегі жалғыз оппозициялық партияны құртты. Ешкім енді бұларға сенбейді. Бәлкім билік алдағы парламентік сайлауда партияға 10-15 пайыз беретін шығар. Мен билікпен ымыраға баратын болсам Ұлттық кеңеске кірер едім, - деді Ермұрат Бапи.

Ермұрат Бапи тоқсаныншы жылдардың соңынан бері елдегі саяси-қоғамдық өмірге белсене араласып келе жатқан қоғам қайраткері. «DAT» жобаларының авторы. Партияны 12 жыл басқарған саясаткер Жармахан Тұяқбай 2019 жылдың сәуір айында қызметінен кеткесін төраға болып сайланған еді.

0 Пікір Кіру