Ресей $14,5 млрд қару-жараққа тапсырыс алды: Үндістан неге дайындалып жатыр? - на politic.bugin.kz
Алашұлы - на politic.bugin.kz Алашұлы

Үндістан Ресейге $14,5 млрд қару жарақ тапсырыс берді

Үндістан Ресеймен 14,5 миллиард долларға қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу келісімшарттарына қол қойды, деді әскери-техникалық ынтымақтастық федералды қызметінің басшысы Дмитрий Шугаев.

- Бұл - өте маңызды көрсеткіш. Бұл Ресей қарулы күштерінің заманауи екендігін әрі Үндістан мен Ресей арасында қарым-қатынастың тығыз екендігін көрсетеді, - деді ол журналистерге.

Igla-S әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жеткізу және өндіріс лицензиялануы туралы келіссөздер жалғасуда. Сонымен қатар, бүгін Үндістанда Ресей әскери техникасы мен қару-жарағына қосалқы бөлшектер шығару туралы келісімге қол қойылды.

- Үндістан былтыр АҚШ тарапынан жасалған қысымдарға қарамастан, Ресейден S-400 зениттік зымыран жүйелеріне қажет 11356 фрегатты, сондай-ақ «теңіз және құрлық әскерлері үшін оқ-дәрілердің үлкен партиясын» сатып алуға тапсырыс берген болатын, - деді Шугаев.

Бұған дейін Владимир Путин Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен Шығыс экономикалық форумы аясында өткен кездесуден кейін сауда, инвестициялық және әскери-техникалық, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларында екіжақты құжаттар пакетін құрғаны жайлы айтқан болатын.

Сонымен қатар, Моди мен Путин халықаралық терроризммен күрес, Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африкадағы жағдай, Ауғанстандағы жағдай және Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды талқылады.


0 Пікір Кіру