Трамп Ресейге қарсы тағы да санкция жариялауға мәжбүр - на politic.bugin.kz
Алашұлы - на politic.bugin.kz Алашұлы

Санкциялардың негізі Мәскеу қаласында өткен митингтерге байланысты

АҚШ Палатасының сыртқы істер комитетінің басшысы Элиот Энгель және тағы бір ықпалды өкілі Майкл МакКалл екеуі АҚШ президенті Дональд Трампты Мәскеудегі наразылық акцияларына жауапты адамдарға санкция қолдануды ұсынды. 

Олардың ойынша, Ресейде өткен митинг барысында адам құқығы бұзылды, тапталды.

Шілде айының ортасынан бастап Ресей Федерациясының астанасында Мәскеу қалалық Думасына сайланбаған кандидаттар ұйымдастырған бірнеше митингілер өтті. Полиция шамамен 1700 адамды қамауға алды. Тергеу комитеті тәртіпсіздіктер мен үкімет шенеуніктеріне шабуыл жасау туралы қылмыстық істер қозғады, алғашқы үкімдер шығарылды.

- Сондай-ақ, біз президент Трамп пен оның әкімшілігін өз өкілеттіктерін пайдалануға... Ресейдегі адам құқығын өрескел бұзған жауаптыларға мақсатты санкциялар салуға шақырамыз, - дейді Энгель.


0 Пікір Кіру