Божко тізерлеп кешірім сұрасын: Елордада бір топ аналар билікке талап қойды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Божконың сөзі - көп аналарды қорлау

Елордада бір топ аналар Ақорда маңына келіп Мәжіліс депутаты Владимир Божконың айтқан сөзі үшін кешірім сұрауын талап етті.

Олар «Көп балалы аналарға айтқан сөзі үшін тізерлеп кешірім сұрасын және депутаттық қызметінен кетсін» дейді.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко қыркүйектің 3-і күні Қазақстан халықтары ассамблеясының отырысынан кейін Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында,

"Биліктің не істеп жатқанын көріп, түсіну керек. Үш жылдың ішінде әлеуметтік көмек 17 есе өскен. Осыдан-ақ түсінуге болады. Осы үшін мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек. Адам жұмыс істемейді, кейін "бұған бәрін бер" деп шыға келеді. Ондай адамды "стойлоға" (мал қорадағы орын - ред.) қоятын қоғам пікірі болу керек" деді.

Аналар Божконың шығуын, өз сөзіне түсініктеме беруін талап етті. Алайда мәжіліс депутаты шыққан жоқ. Оларды арнайы жасақ өкілдері Ақордаға қарай өткізбей, қоршап тұрды.

«Божконың сөзі - көп аналарды қорлау. Бізді малға теңеп жатыр. Біз билікке не үшін алғыс айтуымыз керек? Президент [Қасым-Жомарт Тоқаев] оларға халыққа шығып, диалог орнатыңдар деген. Шенеуніктер қайда? Бізге ешкім шыққан жоқ. Божко шықсын. Ондай депутат бізге керек емес», - деді Данагүл Каткенова.

azattyq.org

0 Пікір Кіру