Путин 95 жасқа дейін президент болу жайлы айтты - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Нұрекеңнен асамын дей ме?

Ресей президенті Владимир Путин Малайзияның премьер-министрі Махатхир Мохамадтың 95 жасқа дейін президент боламын деген сөзіне түсініктеме берді. Бұл туралы ресейлік көшбасшы Шығыс экономикалық форумының Владивостокта өтіп жатқан пленарлық отырысында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәжіліс модераторы, тележүргізуші Сергей Брилев 2019 жылы шілде айында 94 жасқа толған Мохамадтан президент қай жасқа дейін отыру керек деп сұрады. 

- Қазіргі уақытта біз жас шамасын 95 жасқа дейін көтердік, - деп жауап берді ол. 

Осыдан кейін жүргізуші, залда күлкі тудырып, осы сұрақты Путинге қойды.

- Мен әлі оған жете алмаймын, - деді Путин.

0 Пікір Кіру