Тоқаев: Мұнай саласының басшылығына қазақстандықтарды отырғызу керек - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Білікті кадр - басшылық кепілі

Қазақстандағы мұнай кен орнының ашылғанына 120 жыл толуына орай өткізілген салтанатты шарада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай саласына қажет отандық кадрларды дайындау қажеттігін айтты.

- Мұнай-газ саласының жобаларын жүзеге асыруға отандық кадрларды тарту – өте өзекті. Әсіресе, жоғарғы қызметтерге отандық кадрларды тартудың маңызы зор! Үкімет мұнай өндірушілермен бірігіп білікті мамандарды дайындауға кірісуі қажет, - деп жазды Тоқаевтың сөзін Ақорда баспасөз қызметі.

Одан бөлек, президент заманауи мұнай кластерін құру қажеттігін де айтқан.

- Мұнай сервисін құру шағын және орта кәсіптің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, бағаның төмендеуіне ықпал етпек, - деп түсіндірген мемлекет басшысы.

 

 

0 Пікір Кіру