Билік 100 мың мұсылманды адам тұрмайтын аралға көшіруде - на politic.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на politic.bugin.kz Бота Куанышбекова

Ол жерде босқындарға арналған қаланың құрылысы аяқталған

Мьянмадан қашқан 100 мың рохинджия халқы адам тұрмайтын Бхасан Чар аралына қоныстандырылады. Ол жерде босқындарға арналып қалашық салынған. Оны салуға, шамамен, бір жарым жылдай уақыт кеткен. Бұл туралы "Железный занавес" каналы айтты.

Алайда мұхитқа жақын жазық аралдың табиғи апатқа ұшырауы мүмкін.

Бхасан Чар теңізден шамамен 20 жыл бұрын пайда болған арал. Кейбір сарапшылар оны қайтадан су басуы мүмкін деп санайды.

Ал босқындар ол аралға барғылары келмейді. Себебі сыртқы әлемнен оқшауланып қалады әрі ол жақтағы табиғи апаттардан қорқып отыр.

 


0 Пікір Кіру