Жеңіс Қасымбек: 55 зауыт деген - өтірік сөз! - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Күмәнді ақпарат

Премьер-министр Асқар Маминнің орынбасары Жеңіс Қасымбек Қытайдан 55 зауыт көшіріліп әкелінеді деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат өтірік әрі күмәнді ойларға жетелейді.

- Мұндай ақпараттың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары алдында таратылуы біршама күдік туғызады, әрине. Бұған қатысты қорытынды жасау маған қиындау. Бұл басқа құзіретті органдардың міндеті, - дейді Қасымбек.

- Сонда да айта кеткен жөн. Бұл жобалар мемлекет үшін өте қажет әрі әлеуметтік желіде тарап жүрген ақпараттағы қауіптің ауаны да байқалмайды. Желіде жүрген ақпараттың негізі жоқ, былайша айтқанда, өтірік сөз, - деп толықтырды Қасымбек үкімет отырысында.

 Айта кеткен жөн, екі күн Қазақстанның түкпір-түкпірінде қытай экспанциясына қарсы наразылық шаралары өткен болатын. Жаңаөзеннен басталған акция Алматы мен Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Семей, Шымкент, Өскемен қалаларында жалғасын тапты.

Ал президент Тоқаевтың өзі Қытайға 11-12 қыркүйек күндері сапар шекпек.

Tengrinews.kz

0 Пікір Кіру