Атамбаев сотта жауап беруден бас тартты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Наразылық белгісі

Сәрсенбі күні Бішкектегі қалалық сот Ұлттық қауіпсіздік Мемлекеттік комитетінің ғимаратында Атамбаевтың тұтқындалуы мен қамауға алынуын заңды деп таныған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, 7-8 тамыз күндері арнайы жасақ экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін оның Қой-Таш ауылындағы үйінде арнайы операция жүргізген болатын.Орган қызметкерлері  оның жақтастарына қарсы арнайы әдістер қолданған. Нәтижесінде Алмазбек Атамбаев қарулы күштеріне өзі берілді. Операция салдарынан 136 кісі зардап шегіп, Үсен Ниязбеков есімді арнайы қызмет өкілі қаза тапты. 

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырып, елдің ІІМ оны тергеуге шақыра бастаған еді. Атамбаевқа қызметінде жемқорлыққа жол берді, өкілеттігін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген айыптар тағылып отыр. Өз кезегінде Алмазбек Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзін тергеуге шақырудың саяси астары бар екенін алға тартты.

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру