Еркек деген атқа лайық бол! - на politic.bugin.kz
Бибіт Нұрмұхан - на politic.bugin.kz Бибіт Нұрмұхан

Нағыз еркек ел қорғар Жалған еркек не қорғар

Даму, өркендеу, өрбу, айта берсек, бәрі өзгеруге алып келетін процесс. Өркендеп келеміз батысқа біртіндеп жақындай түсудеміз. Бұл әрине жақсы көрсеткіш, бірақ арасында кері бағыттарды да алып жатқанымызды ұмытпайық.

Батыстың білімін, ғылымын, техникасын игергеніміз дұрыс. Арасында мәдениетімен қатар дәстүрлерін де қатар алып жатамыз. Бұл қаншалықты дұрыс?

Мәдениетімен дәстүрін қабылдап алғанымыз соншалық - оңай биімделу үстіндеміз. Біздің қазақ халықында құлаққа сырға тағу немесе  майысқақ, әлсіз батыр бабаларымыз болыппа еді? Әрине, жоқ. Кешегі егемендігімізді алмаған тұстада да, мұндай оғаш көріністер ер азаматтарымыздың бойынан кездеспеген болатын. 

Қазіргі кезде толып жатыр. Тіпті санасақ есебінен жаңыламыз. Бұл біздің ерлерімізді көпке апармайды. Ата-бабаларымыз "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" деген. Сондықтан бұл өрескел мәдениетті тоқтатуымыз керек. 

Батыстан жақсысын алып жаманын тастағанымыз дұрыс болар. Ақын, жазушы Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, "Батыстың цивилизациясын аламын деп, канализациясына түсіп кетпеңдер".

0 Пікір Кіру