Рохани: АҚШ-пен ешқандай екіжақты келіссөздер болмайды - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

АҚШ бітімге келуді ұсынған...

3 қыркүйек, сейсенбі күні, Иран президенті Хасан Рохани Иран ешқашан АҚШ-пен екіжақты келіссөздер жүргізбейтінін, бірақ егер Иранға жасалған санкцияларды алып тастаса, онда Иран  2015-ші жылғы ядролық келісімге қатысушы елдермен көпжақты келіссөздерге дайын екенін айтты деп хабарлайды “CGTN” ақпараттық сайты.

Рохани парламенттің ашық отырысында мемлекеттік радио арқылы тікелей эфирде:

- АҚШ-пен келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданған жоқ.  Келіссөздерге қатысты көптеген ұсыныстар болды, бірақ біз келісім бермедік, - деді .

Естеріңізге салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға «максималды қысым» көрсеткенімен, бірақ ол екі ел арасындағы қақтығысты тоқтату үшін Иран көшбасшысымен кездесіп,  екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынған болатын.


0 Пікір Кіру