Мейрамбек Бесбаев жаңа қызметіне байланысты пікір білдірді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Кеңесші

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді.

"Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлының бұйрығымен мәдениет саласының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Қадірлі тілектес, рухтас бауырларым. Маған арналған ақ тілек пен ниеттеріңізге мың алғыс. Алматы өнердің қайнаған ордасы. Күрмеуі қиын, күрделі мәселелері көп мәдениет саласында сіздер үшін еңбек етуге барымды саламын. Әр қадамыма сәттілік тілеген ағайынға рахметім шексіз", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Айта кетсек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында Мейрамбек Бесбаевты штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындағанын хабарлаған болатын.

0 Пікір Кіру