Білім министрінің бұйрығымен Гүлзат Көбенова жаңа қызметке келді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Гүлзат Көбенова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы лауазымына оқу демалысы кезеңіне Гүлзат Ісбасарқызы Көбенова тағайындалды.  Гүлзат Көбенова 1968 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

1998 жылы тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы мамандығы бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы болып бастаған, университет деканының орынбасары қызметін атқарған. 

2004-2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, ғылыми хатшы, деканның м.а. қызметтерін атқарды. 

2009 жылғы қазан айынан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. ҚР мәдениет және ақпарат, білім және ғылым министрліктерінде түрлі лауазымдарды атқарған. 

2017 жылғы шілдеде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры болып тағайындалған. 

2018 жылғы сәуір мен 2019 жылғы қаңтар аралығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары болып қызмет етті. 

 2019 жылғы қаңтардан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 

0 Пікір Кіру