Қазақстанда енді көпқабатты тұрғын үйлерді төрт айдың ішінде тұрғызуға болады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Заманауи технология

Мұндай нәтижеге модульдік блоктардың, яғни дайын бөлмелердің арқасында қол жеткізуге болады

Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы ModeX зауытының құрылысымен танысты.

Премьер-министрдің ресми сайтының мәліметінше, салынып жатқан жаңа зауыт астанадағы "Астана – жаңа қала" АЭА №1 индустриялық паркінің аумағында орналасқан.

Модульді үй құрылысы – Германия, Сингапур, Қытай сынды елдерде қолданылатын тұрғын үй салудың заманауи озық технологиясы. Ол ғимараттарды тез, сапалы салуға мүмкіндік береді. Мәселен, таза әрленген 16 қабатты бір кіреберісті тұрғын үй әдетте 12-18 ай салынса, бұл технологиямен үйді небәрі 4 айдың ішінде тұрғызуға болады. Мұндай нәтижеге модульдік блоктардың яғни дайын бөлмелердің арқасында қол жеткізіледі. Олар конструктор бөлшектері тәрізді біртұтас болып жинақталады.

"Құрылыс секторы – Қазақстан экономикасының ең серпінді дамып келе жатқан саласы, өсімі 11,5% құрайды. Бұл жоба халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясының дамуына серпін береді", — деді Қазақстан премьер-министрі зауыт қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, зауыт 700-ден астам жұмыс орнын құруға жол ашып, жылына 405 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.

Зауыттың бірінші кезеңі осы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ал екінші кезеңі – 2020 жылы, үшінші кезеңі 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар үшін дуалды білім беру жүйесі қарастырылып отыр.

0 Пікір Кіру