Елордадағы көшеге Джордж Буштың атын беру ұсынылды  - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

АҚШ-тың жақында қайтыс болған бұрынғы президенті

Астанадағы бір көшеге дүниеден озған АҚШ-тың 41-ші президенті Джордж Буштың есімін беру туралы ұсыныс айтылды. Мұндай ұсынысты белгілі қоғам белсендісі, саясаттанушы Айдос Сарым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жасады.

— АҚШ-тың президенті Джордж Буш дүниеден озыпты. Қайырын берсін. Кеңестер Одағының бейбіт тарап, көптеген геосаяси шиеленістерді шешуге ат салысқан тарихи тұлға. Біз үшін маңыздысы — қазақ мемлекетінің Тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған шетел президенті. Әділеті Астанадағы бір көшеге Джордж Буш есімі берілсе артық болмас, — деп жазды Сарым.

2 Пікір Кіру