Тоқаев Қобландинді қызметінен босатты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қалыбек Қобландин қызметінен кетті

Қалыбек Қобландиннің Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметінен не үшін босатылғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жалғас Әділбаев Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Әділбаев жаңа қызметте 2013 жылдан бері елші болып істеген Қалыбек Қобландинді алмастырды.   

Жалғас Әділбаев кім

Жалғас Әділбаев 1998 жылдың мамырынан бері Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істейді. Дипломатиялық карьерасын мемлекеттік хаттаманы басқару бөлімінің бастығы болып бастады.

2000 жылы сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама қызметін басқарды. Әр жылдары Қазақстанның Литвадағы елшілігінің кеңесшісі, Қазақстанның Австриядағы елшілігінің кеңесші-елшісі болды. 2009-2010 жылдары Қазақстанның Горган қаласындағы (Иран) Бас консулы қызметін атқарды.

Содан кейін сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті төрағасының орынбасары және сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елшісі болып жұмыс істеді. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстанның Армениядағы елшілігінің кеңесші-елшісі қызметін атқарды.

Қазақстанның Монғолиядағы елшісі болып тағайындалғанға дейін сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елшісі болды.

II класты төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын тілін меңгерген. Үйленген, екі баласы бар.

0 Пікір Кіру