«Жарысқа қатысамын» Спорт министрі көпшілікті таңғалдыратын мәлімдеме жасады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Ақтоты Райымқұлова келесі жолы жарысқа қатысатынын айтты

ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жүзу сүйікті спорты екенін айтты.

Министр журналистерге неге бұл спорт түрімен шұғылданатынын түсіндірді. 

"Мен жүзгенді жақсы көретінмін. Спорттық жарыстарға да қатыстым. Оны біздің жастарға үлгі ретінде айтып отырмын. Мен бұл практикамды жалғастырамын. Менің ойымша, сіздер мені келесі жарыста қатысушы және жанкүйер ретінде көретін шығарсыздар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ақтоты Райымқұлова ҚР мәдениет және спорт министрі қызметіне 2019 жылдың 17 маусымында тағайындалған. Бұл қызметті 2014 жылдан бері Арыстанбек Мұхамедиұлы атқарған болатын.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру