Атырауда мектеп те, мұғалім де жетіспейді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Білім мәселесі

Атырауда оқушыларға мектеп пен мұғалім жетіпейді деп, баяндайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Жас Алашқа сілтеме жасап. 

Атырау облысында былтырғы оқу жылында алты мектеп пайдалануға берілсе, биыл 13 мектеп салынып жатыр. Жаңа оқу жылында оның бесеуі – Атырау қаласында екі және Исатай, Қызылқоға, Махамбет аудандарында біреуден - шәкірттерге есігін айқара ашпақ. Облыс орталығындағы «Жұлдыз» ықшамауданындағы мектеп 624, «Нұрсаядағысы» - 900 орынға лайықталған. Қаладағы №17, 22, 34, 27 мектептерге жалғама құрылыс салынып, апатты деп танылған Ғани Мұратбаев атындағы мектептің орнына басқасы салынып жатыр. Бір өкініштісі, Мағжан Жұмабаев  атындағы №1 мектепті күрделі жөндеу жұмысы осымен үшіншы жылға созылып, «сақалды құрылысқа» айналып барады.

Осындай көрсеткіштерге қарамастан, баланың көптігінен үш ауысымды мектептерді түбегейлі жою мәселесі биыл да шешімін таппайтыны белгілі болып отыр. Оған халықтың демографиялық өсімімен қатар, ауылдардан қалалық жерлерге қоныс аударушылар санының артуы де себеп болып отыр. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратованың айтуынша, жаңа оқу жылында 17 732 бала мектеп табалдырығын аттамақ. Демек, былтырғы жылғыдан екі мыңдай артық бала келеді деген сөз. Сондай-ақ, 2019-2020 жылы облыс мектептерінде 13 мыңнан астам бала оқиды десек, бұл да былтырғыдан жеті мың балаға көп.

Аймақтағы әлі күнге шешімін таппай келе жатқан мәселе – педагогикалық кадрлардың тапшылығы. Бүгінде Атырау облысында он мыңнан астам ұстаз бала оқытып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, 472 мұғалім жетіспейді. Бұдан бөлек, 213 педагог зейнет жасына жетсе де сұраныс болғандықтан жұмыстарын жалғастыруда.

«Мұғалімдердің жетіспеушілігі еліміз бойынша орын алып отырған проблема, мұндай жай тек бізде ғана емес. Қазір батыс аймақтағы көрші облыстардан екі жүзге жуық педагог келеді деп күтіп отырмыз», - дейді Жансұлу Төремұратова.

0 Пікір Кіру