АҚШ Қытайға жақын жерлерге зымырандар орнатпақ - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Саяси ғана емес, әскери қысым жасамақшы ма?

АҚШ өзінің одақтастарымен Азияда орташа қашықтықтағы жаңа зымырандарды орналастыру мүмкіндігін талқылауда. 

Мұндай мәлімдемені АҚШ Мемлекеттік хатшысының қару-жарақ пен халықаралық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі орынбасары Андреа Томпсон жасады, деп хабарлайды Associated Press.

- Осы мәселе бойынша шешім қабылдау - бұл осы мемлекеттер көшбасшыларының егеменді құқығы. Кез-келген шешім, одақтарымызбен кеңескеннен кейін жүзеге асады, бұл АҚШ-тың бір жақты шешімі емес, - деп атап өтті дипломат. Сонымен қатар, ол америкалықтардың Қытайды қару-жарақты бақылау саласындағы жаңа келісімдер бойынша келіссөздерге қосылуға шақырғанын айтып кетті.

Тамыз айының басында АҚШ-тың Қорғаныс министрі Марк Эспер Азияда орташа қашықтықтағы зымырандарды тездетіп орналастыру керек деген пікір білдірген болатын.

0 Пікір Кіру