Қоғам жайлы ащы шындық - на politic.bugin.kz
Жылқыбайұлы Жауынбай  - на politic.bugin.kz Жылқыбайұлы Жауынбай

Өлең

Бұл қоғам енді осылай ластана ма?!

Тосқауыл болар кімдер жас балаңа?!

Ғұмырының жартысын өткізсе де, 

Қол жеткізбей жүр қазақ баспанаға...


Кедей ел таба алмай жүр тұратын жер,

Ерің жоқ ертеңім ғой мұратым дер.

Қазақтын қамын емес қарнын ойлар,

Бізде бар бюджет дейтін Ұры әкімдер...


Бізде бар заң жүрмейтін бай баласы, 

Қыз-қырқынға толатын айналасы. 

Арын сатып қасында қаракөз жүр,

Шегеді ол байғұстың қайғы анасы...


Қадамын ақша боп тұр әр аттаған,

Құл ғып құдай дүниеге жаратпаған.

Шіренер шенеуніктер шендерімен,

Бетпақтанып елге бет қаратпаған.


Білерсіз бұл өмірде пенде негіз,

Сан соғып қара жолда сенделеміз,

Жерден, елден, тілден де айырылармыз,

Осылай жүре берсек енді егер біз...


Құны қымбат қазаққа астан ардың, 

Келмесін қос көзіне жас тамар күн...

Оян қазақ ендігі орныңды тап!!!

Жемтігіне айналмай басқалардың...

    Жылқыбайұлы Жауынбай

0 Пікір Кіру