ТЖД селге байланысты қауырт желіні іске қосты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Төтенше жағдай

Алматының Наурызбай ауданында болған селге байланысты қалалық ТЖД қауырт желіні іске қосты.

«Селден жапа шеккендер немесе қауіп төнген адамдар 278 20 84 нөміріне хабарласа алады. Байланыс нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді», - деді қалалық ТЖД өкілдері.

Айта кету керек, бүгін Алматыда Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрді. ТЖД өкілдері халықты құлақтандырып үлгерді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына шұғыл аттанды. Қалалық ТЖД өкілдері Қарғалы өзеніндегі ахуал туралы баяндады. Мамандардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ.

0 Пікір Кіру