«Бассыздарды жазалау керек»: Кремль Мәскеудегі митингке түсініктеме берді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Әлемде болып жатқан наразылық шараларында шек жоқ, сондықтан қалыпты жағдай

Құқық қорғау органдарының заңсыздыққа баруына жол берілмейді, бірақ азаматтардың қауіпсіздігі мен бассыздықты тоқтату үшін аяушылық танытуға болмайды. Осылай деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Российская газета басылымына сілтеме жасап.

- Құқық қорғау органдары өз міндеттерін ғана орындады, - деді Мәскеуде өткен митингіге қатысты РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Песковтың айтуынша, азаматтар қоғамдық бассыздық пен өз ойын заңды түрде білдірудің арасындағы айырмашылықты ажырата білу қажет. Ал жиналған топты арандатып, қоғамдық тәртіпті бұзғандар қатаң жазалануы тиіс.

Ал «тыйым салынған наразылық акциясын «жаппай бассыздықпен» теңестіруге бола ма?» деген сауалға Песков «Егер сондай сипатқа ұласса, онда оны жаппай бассыздық деп атауға болады» деп түсініктеме берген.

Қазіргі уақытта Кремль митингте тәртіп бұзғандардың ісін жан-жақты қарастырып жатыр. Оларға қандай жаза қолдану қажеттігін тек сот қана шешеді, Кремльдің қатысы жоқ оған.  

Ал «елде болған оқиғаларға қатысты неге Президент мырза түсініктеме бермеді?» деген сауалға:

- Мемлекетте қаншама ірі-ірі оқиғалар мен ауқымды шаралар болып жатқанын білесіз бе. Олардың барлығына да Президент түсініктеме бере бермейді ғой, - деп түсіндірді Путиннің баспасөз хатшысы.

Песков Ресей саяси дағдарыста деген пікірге қосылмайтындығын да жеткізген.

- Әлемнің түкпір-түкпірінде түрлі наразылық акциялары өтіп жатыр. Кейбір наразылық акцияларының өзі күлкі келтіреді, көңіл көтеру мен қыдыру мақсатында да шығатындар бар... Бұл жерде болып жатқан оқиғаға дұрыс баға берудің маңызы зор, - деді баспасөз хатшысы.

Айта кету керек, 10 тамыз күні Мәскеу мен елдің басқа да қалаларына әділ сайлау өткізуге қатысты ауқымды наразылық акциялары өткен болатын.
0 Пікір Кіру