Президент белгілі жазушыны қабылдады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады

Қазақстан президенті белгілі жазушы Смағұл Елубаймен бірге Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау шараларын талқылады.

Кездесу барысында президент пен белгілі жазушы қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды.

Смағұл Елубай мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау аясындағы шаралар туралы айтып берді.

Сөз соңында Тоқаев төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап өтті.

0 Пікір Кіру