Тоқаев Назарбаеваның қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше сенат депутатының өкілеттігін тоқтатты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваны қайта тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Ақорданың ресми сайтының мәліметінше, Дариға Назарбаева 2019 жылдың наурызында сенат төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Бұған дейін 2016 жылдың 15 қыркүйегінде президент жарлығымен сенат депутаты қызметіне кірісті.

Президент жарлығына сәйкес, Дариға Назарбаева мен Мұхтар Құл-Мұхаммед сенатор қызметіне қайта тағайындалды. Ал Дана Нұржігіт, Андрей Лукин, Ләззат Сүлеймен, Қанатбек Сафинов, Асқар Шәкіров пен Нұртөре Жүсіп сенатор қызметіне жаңадан кіріседі.

Дана Нұржігіт - танымал тележүргізуші, QAZAQSTAN арнасындағы "Дара жол" бағдарламасы арқылы кеңінен танымал. Ал Андрей Лукин бас прокурордың орынбасары қызметін атқарды. Ләззат Сүлеймен - Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Қанатбек Сафинов энергетика министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы. Жаңа сенаторлардың қатарында адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров пен AIQYN газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп де бар.

Сондай-ақ, президент жарлығымен бірқатар сенатордың өкілеттігі тоқтатылды:

Айта кетейік, бұған дейін президент сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттігін тоқтатты. Әйтімованың қандай қызметке ауысатыны әлі белгісіз. Ал Асқар Бейсенбаев Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі болды.

0 Пікір Кіру