Нұртөре Жүсіп сенат депутаты болды  - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Өзгеріс

Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды», - делінген хабарламада.

Журналист, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Нұртөре Байтілесұлы ЖҮСІП 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

0 Пікір Кіру