«Мен өзімді өзгертпеймін. Осы қалпымда қабылдаңыздар» Тоқаевтың ашық сұхбаты жарияланды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Жақсы нәрсеге тез үйренесің

Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы, саясат және заманауи музыка туралы сұхбаты жарияланды.

YouTube-те Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей журналисі Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының толық видеосы жарияланды.

Шілденің соңында "31 арна" Қазақстанның жаңа басшысы туралы "Президент 2.0" деректі фильмін көрсетті. Тоқаев 1988 жылы Қытайда жемқорларға өлім жазасын орындаған сәтке куә болғанын мойындады. Сондай-ақ мемлекет басшысы өзінің мінезін сынайтындарға жауап берді.


"Мен өзімді өзгертпеймін. Осы қалпымда қабылдаңыздар", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 30-жылдары өз отбасының басынан өткен қайғылы оқиғаны баяндады. Президенттің айтуынша, атасы нан табуға кетіп, үйіне оралмаған. Әкесі ағасы Қасыммен бірге балалар үйіне, содан кейін майданға аттанған. Тоқаев 30-жылдары Қазақстанда болған ашаршылыққа орыс халқының қатысы жоқ екенін ерекше атап өтті

Президент алғашқыда ел басқару үйреншікті жағдай болмағанын айтты.

"Әсіресе, көпшілік жиналған іс-шараларда үйреншікті болған жоқ. "Президент, президент" дегенді естігенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп қалған шығар деп ойлайтынмын. Бірақ бұл уақытша ғана нәрсе екен, жақсы нәрсеге тез үйренесің", - деді Тоқаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың наурызында мемлекет басшысы қызметінен кетті. 9 шілдеде өткен кезектен тыс сайлаудың қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланды (ол 70,96% сайлаушының қолдауына ие болды).

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру