"Курск" кемесін батырған - АҚШ - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Курсктің батқанына 19 жыл

Бүгін "Курск" кемесінің батқанына - 19 жыл. Аталмыш кеме апаты жайлы түрлі фактілер мен келіспеушіліктер бар. 

Негізгі нұсқа бойынша "Курск" сүңгуір кемесі торпеданың ішкі сақтау орнында жарылуынан суға кеткен. Бұл нұсқаға сенушілер тым аз. 2000 жылы Шешенстандағы соғыс оты өршіп тұрған сәтте кемеде теракт жасалды деген нұсқа болды. Оны кеме экипажы болған Мамед Гаджиев жасауы мүмкін деген күдік орын алды. Бірақ бұл нұсқа кейіннен жоққа шығарылды. 

- Бүгінгі таңда әскери сарапшылар кемені АҚШ сүңгуір кемелері батыруы мүмкін деген нұсқаны жиі көтеріп жүр. 2005 жылы 7 қарашада француз режиссері Жан-Мишель Карре "Курск. Лай судағы сүңгуір кеме" атты деректі фильмін France 2 каналынан көрсетті. Онда ол кемені АҚШ-тың "Мемфис" сүңгуір кемесі суға кетіргені жайлы айтты. Деректі фильмде АҚШ-тың "Мемфис" және "Толедо" сүңгуір кемелері "Курск" әскери жаттығу өткізіп жатқан аймақта екі күн бұрын пайда болған. Ал Ресейлік кеме аталмыш аймақта жаңа торпеда түрін сынақтан өткізген. 12 тамыз күні "Толедо" мен "Курск" бір-біріне тым жақын келген. "Курсктің" торпеда ашу құрылғылары атуға дайындалғанын көрген АҚШ кемелері қарсы соққы беруді ойлаған. Бірінші болып "Мемфис" торпеда жіберген. Ол "Толедоны" қорғау мақсатында осы әрекетке барған,- дейді режиссер.

Карренің айтуынша, бұл фактіні Ресей президенті Владимир Путин жақсы біледі. Алайда ол сол сәтте екі ел арасындағы қатынасты ушықтырмау үшін бұл жайында тіс жармаған. Бұл нұсқаны канадалық әскери сарапшылар да қолдайды. 2015 жылы Курсктің батқанына 15 жыл толғанда аталмыш аймақта тағы бір белгісіз кеменің болғаны айтылды. Дегенмен тарихи шындық 50 жылдан кейін ашылады дейді сарапшылар. 

0 Пікір Кіру