Қытай: Пәкістанды қолдаймыз - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Қытайдың не көздегені бар?

Қытай Кашмирдегі жағдайдың ушығуы барысында өзінің мүдделерін қорғайтын Пәкістанға қолдау көрсете береді. Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді.

- Қытай өзінің мүдделерін мен заңды құқықтарын қорғап жатқан Пәкістанға қолдау көрсетеді, сондай-ақ халықаралық дәрежеде Пәкістанға әділетті қарым-қатынас жасалуына атсалысады, - деді дипломат. 

Ол Кашмирдегі жағдайдың колониалды замандардан бері келе жатқан мәселе екенін айта отырып, оны тек БҰҰ Жарғысы негізінде шешу керек екенін алға тартты.

5 тамыз күні Үндістан Джамму және Кашмир штатының ерекше мәртебесінің күшін жойған болатын.

0 Пікір Кіру