Мирзиеев: Бұндай саясатпен ұзаққа бармаймыз  - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Өзбекстан президенті

Шавкат Мирзиеев премьер-министр Абдулла Ариповке және президент әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновке Ферғана, Хорезм және Қашқадария облыстарының әкімдерін қызметтен алу мәселесін қарауды тапсырды.

2 тамызда өткен жиналыста президент Шавкат Мирзиеев аймақ басшыларының жүргізіп отырған саясатын сынады.

"Мен Арипов пен Низомиддиновке әкімдерді қызметтен алуға қатысты ұсыныс жасауын сұраймын. Бұндай саясатпен ұзаққа бармаймыз. Күштеу саясатының пайдасы болса, отыз жылда өркендеп кетер едік", – деді Шавкат Мирзиеев.

Бұның алдында Өзбекстанның бірқатар аймақтарында тұрғындар үйлердің заңсыз сүрілуіне қарсы наразылық акциясын өткізген.

The Qazaq Times

0 Пікір Кіру