Қазақстан-Корея IT-орталығында бірқатар ауқымды шаралар атқарылмақ - на politic.bugin.kz
Райхан Калымбетова - на politic.bugin.kz Райхан Калымбетова

Жуырда елордадағы Astana Hub технопаркінде Қазақстан-Корея IT-орталығы ашылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев өзінің Facebook парақшасында жазды

Министр жақында Оңтүстік Кореяға сапары барысында сол елдіңғылым және АКТ министрі Ю Сенг Минмен кездескен. Тараптаринновациялық экожүйе мен стартаптарды дамыту, жасанды интеллект, Big Dataны қолдану, электрондық үкімет пен ақылды қалалардың дамуы туралы әңгімелескен.

 «Сеулде әріптестеріміздің 5G технологиясын пайдалана отырып енгізген шешімдерін көрдік. Инновациялық кластердің, жергілікті стартап-хабтың, ұлттық ақпараттық агенттіктің және киберқауіпсіздік жөніндегі орталықтың жұмысымен таныстық», – дейді министр.

Асқар Қуанышұлы аталған мәселелермен Қазақстан-Корея бірлескен халықаралық IT-орталығы аясында айналысатынын жеткізді.

«Қазақстан осыдан 15 жыл бұрын электрондық үкіметті дамытуға алғаш қадам жасаған кезде, оңтүстіккореялық әріптестер өз тәжірибесін бөлісе отырып, біраз көмек берген еді. Сол кездің өзінде Оңтүстік Корея осы саладағы көшбасшылардың бірі болатын. Біз бұл ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», – дейдіА. Жұмағалиев.

Айта кетейік, IT-орталықты ашу туралы мәлімдемені 2019 жылдың сәуірінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Инмен кездесуінен кейін айтқан болатын. Жоспарға сәйкес, таяуда оңтүстіккореялық бір топ делегат цифрландыру аясында Қазақстанға келеді. Онда оларға «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы таныстырылатын болады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған болатын.Жобаның басты мақсаты – ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеру.


0 Пікір Кіру