Талғат Сәрсенбаев жаңа қызметке тағайындалды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Соңғы үш жылда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болды

Талғат Сәрсенбаев Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

Талғат Есенәліұлы Сәрсенбаев 1966 жылы 31 тамызда Целиноград облысы Степногор қаласында дүниеге келген.

Ол құқық қорғау органдарында, жоғары оқу орындарында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде түрлі лауазымдар атқарған;

ҚР Парламент Сенатының Аппарат Басшысының  орынбасары, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі болды;

2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының басшысы болды.

2012 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" АҚ-ның басқарушы директоры;

2016 жылы «Самұрық-Қазына» мен оның компаниялары тобының омбудсмені болып тағайындалды.

Соңғы үш жылда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі қызметін атқарды.

0 Пікір Кіру