Игорь Крутой Иманғали Тасмағамбетовке эстафета жолдады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Абай өлеңдері

Танымал ресейлік продюсер Игорь Крутой қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты.

Қазақ ақыны және ағартушысының 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасы Желіде қарқын алып келеді.

"Барлық қазақстандыққа бейбітшілік, жақсылық және амандық тілеймін", - деп атап өтті Игорь Крутой өлеңнен үзінді оқығаннан кейін.

Айта кетейік, продюсер Димаштың Нұр-Сұлтандағы жеке концертіне арнайы келіп, қолдау білдірді.

Крутой тіпті "Любовь уставших лебедей" әнін орындау кезінде әншіні сүйемелдеп отырды. Ал жақында продюсер II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталғаны белгілі болды. 

Челленджге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, эстафетаны танымал әнші Димаш Құдайбергенге тапсырған еді, ал ол ресейлік продюсер  Игорь Крутойды және миллиондаған тыңдармандарын шақырды. 

Айта кетейік, бір тәулік ішінде Димаштың Instagram-дағы видеосын 86 мыңнан астам адам көрді.

Естеріңізге салайық, 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланады. 


sputniknews.kz

0 Пікір Кіру