Нұрлан Ермекбаев Отардағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексерді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қорғаныс министрінің сапары

ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Гвардия гарнизонына барған жұмыс сапарында оқ-дәрі қоймаларын тексерді. 

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бітімгершілік қызметте қай мамандықтар сұранысқа ие Тексеріс кезінде Нұрлан Ермекбаев өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жіті мән берді. Лауазымды тұлғалар қорғаныс министріне зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау тәртібі, қару-жарақтың, әскери және арнаулы техникалардың жай-күйі, сондай-ақ материалдық-техникалық құралдар туралы баяндады.

Ведомство басшысы қойманы тексеру барысында оқ-дәрілер мен әскери техникаларды сақтау қауіпсіздігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді әрі әскери қызметшілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындаудың міндетті екенін ескертті.

0 Пікір Кіру