«Біреуі де ашпай, бәрі бас тартып отыр» Шөкеев үкіметке банктерге қатысты өтінішін жеткізді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Өмірзақ Естайұлының мәлімдемесі

Екінші деңгейлі  банктер Түркістан қаласында жұмыс істеуден бас тартып отыр. Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы мәлімдеді.

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын жүзеге асыруда бүгінде республикамыздағы аймақтар арасында Түркістан облысы көш бастап келеді екен. Күні бүгінге дейін өңірде 75 миллиард теңгеге 233 жоба жиналған.

«Оның ішінде  9 миллиард 129 миллион теңгеге 6 жоба мақұлданған. Бұл маңызды жоба болғандықтан біз жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, мынау екінші деңгейдегі банктер Түркістанға барып, кәсіпкерлермен жұмыс істеу керек. Филиал ашу керек. Біз оларды жинадық, сөйлестік. Біреуі де ашпай, бәрі бас тартып отыр қазір»,– дейді Өмірзақ Шөкеев.

Бүгінде тек Нalyk bank Түркістаннан филиал ашып жатыр екен. Сондықтан, Өмірзақ Естайұлы үкімет басшысына қалған банктер тым болмағанда Шымкенттегі кеңселерінен Түркістан облысына арнайы кредит офицерлерін белгілесе, облыс әкімдігі тарапынан арнайы топ құрып, жұмыс жүргізуді ұсынды.

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру